С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Нәбиев Ерғали Нұғыманұлы 60 жасқа толып отыр. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Нәбиев Ерғали Нұғыманұлы 60 жасқа толып отыр.

Профессордың травматология және ортопедия саласында 35 жылдық тәжірибесі және 27 жыл педагогикалық өтілі бар.

2018 жылы Ерғали Нұғыманұлы «Иық белдеуі сүйектерінің сынуы және сыну-шығуын кешенді емдеу» (клиникалық-эксперименталды зерттеу) тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады және Қырғыз Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен, оған медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Ерғали Нұғыманұлы 30 патенттің және өнертабысқа авторлық құқықтың иесі, 10 рацұсыныстың, 14 оқу-әдістемелік құралының, 5 монографияның және ортопед-травматолог дәрігерлерге арналған 6 әдістемелік нұсқаудың, 260 ғылыми еңбектің авторы. Оның еңбектері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміне енгізілген басылымдарда, ҚР, халықаралық ғылыми журналдарда, ресейлік ғылыми дәйексөздер индексі журналдарында, Scopus, халықаралық конференциялар материалдарының жинақтарында индекстелген.

Нәбиев Ерғали Нұғыманұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2001-2003, 2004-2006, 2013-2015, 2017-2019 ж.ж. және қазіргі уақытта 2021-2023 ж.ж. ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге тікелей қатысып отыр.
Е.Н. Набиев тірек-қимыл аппараты зақымданған науқастарды емдеу және диагностикалау бойынша жұмыстары Нұр-Сұлтан, Бішкек, Алматы қалаларындағы травматология бөлімшелерінің және Қазақстанның облыс орталықтарының денсаулық сақтау мекемелерінің клиникалық тәжірибесіне енгізілді.

Қазіргі уақытта Нәбиев Ерғали Нұғыманұлы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №4 қалалық клиникалық ауруханасы мен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ол 4 PhD докторанты мен бір аспиранттың ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріндегі медициналық көмектің сапасын бағалау сараптамасын және оқулықтар, монографиялар, оқу құралдарының сараптамасын жүргізеді.

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Нәбиев Ерғали Нұғыманұлы 60 жасқа толып отыр.