№4 Қалалық клиникалық ауруханасы тағы бір заманауи қондырғымен толықты. МСКТ – Hitachi Supria 128 кесінді Мультиспиралды компьютерлік томогораф қондырғысы орнатылып, жұмысын бастады.
Өндірушісі: Hitachi, Жапония.
Hitachi Supria 128 кесінді компьютерлік томографтары – науқасты осы құрылғыға түсіріп тексеру жүргізудің басым көпшілігі үшін оңтайлы таңдау болып табылады. Сондай-ақ, айта кететін жайт 128 кесінді томографтың артықшылығы-атеросклеротикалық түйіндері (бляшкалары) бар науқастардың тамыр өткізгіштігін зерттеп тексеру үшін жүрек пен коронарлық артерияларды сканерлеуге аз уақыт кетеді.
Мысалға 16 кесінді аппаратта бір анатомиялық аймақты сканерлеу уақыты 12-ден 35 секундқа дейін созылады, ал 128-кесіндіде 8 есе жылдам сканерлейді.
Суреттің жоғары сапасымен, сенімді зерттеу нәтижелерімен, минималды сәулелік жүктемемен, жеңіл және ымырасыз ыңғайлықпен қамтамасыз етеді.
- Жоғары өнімділік;
- Кең диагностикалық мүмкіндіктер (виртуалды қайта құру-колоноскопия, бронхоскопия);
- Myrian Станциясы;
- Интерактивті қайта құру;
- Клиникалық қосымшалардың үлкен таңдауы;
- Сәулелену дозасын интеллектуалды төмендету;
Алматы қаласы бойынша бәсекелестік жағынан ыңғайлы бағаларды Біздің клиникада табасыз.
Біздің дәрігерлердің қолында тамырлардағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін Bayer компаниясының инжекторы бар-компьютерлік томографиялық ангиография (КТ, КТ-ангиографиясы) – бұл қан тамырларының анатомиялық жай-күйін зерттеуге, патологиялық өзгерістерді анықтауға және қан ағымының сипатын бағалауға мүмкіндік беретін диагностиканың заманауи және жоғары технологиялық әдіс болып табылады.
Консультациялық-диагностикалық орталықтың 300-46-42 телефоны арқылы жазылуға болады.