Компьютерлік томогораф – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Компьютерлік томогораф

№4 Қалалық клиникалық ауруханасы тағы бір заманауи қондырғымен толықты. МСКТ – Hitachi Supria 128 кесінді Мультиспиралды компьютерлік томогораф қондырғысы орнатылып, жұмысын бастады.

Өндірушісі: Hitachi, Жапония.

Hitachi Supria 128 кесінді компьютерлік томографтары – науқасты осы құрылғыға түсіріп тексеру жүргізудің басым көпшілігі үшін оңтайлы таңдау болып табылады. Сондай-ақ, айта кететін жайт 128 кесінді томографтың артықшылығы-атеросклеротикалық түйіндері (бляшкалары) бар науқастардың тамыр өткізгіштігін зерттеп тексеру үшін жүрек пен коронарлық артерияларды сканерлеуге аз уақыт кетеді.

Мысалға 16 кесінді аппаратта бір анатомиялық аймақты сканерлеу уақыты 12-ден 35 секундқа дейін созылады, ал 128-кесіндіде 8 есе жылдам сканерлейді.

Суреттің жоғары сапасымен, сенімді зерттеу нәтижелерімен, минималды сәулелік жүктемемен, жеңіл және ымырасыз ыңғайлықпен қамтамасыз етеді.

  • Жоғары өнімділік;
  • Кең диагностикалық мүмкіндіктер (виртуалды қайта құру-колоноскопия, бронхоскопия);
  • Myrian Станциясы;
  • Интерактивті қайта құру;
  • Клиникалық қосымшалардың үлкен таңдауы;
  • Сәулелену дозасын интеллектуалды төмендету;

Алматы қаласы бойынша бәсекелестік жағынан ыңғайлы бағаларды Біздің клиникада табасыз.

Біздің дәрігерлердің қолында тамырлардағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін Bayer компаниясының инжекторы бар-компьютерлік томографиялық ангиография (КТ, КТ-ангиографиясы) – бұл қан тамырларының анатомиялық жай-күйін зерттеуге, патологиялық өзгерістерді анықтауға және қан ағымының сипатын бағалауға мүмкіндік беретін диагностиканың заманауи және жоғары технологиялық әдіс болып табылады.

Консультациялық-диагностикалық орталықтың 300-46-42 телефоны арқылы жазылуға болады.

Компьютерлік томогораф