№4 Қалалық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру, сондай-ақ 2022 жылы маусымның 5-інде өтетін республикалық референдум бойынша жиын өтті.
№4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері м.а. Досмаилов Б.С. баяндама жасады.
«Конституцияға енгізілген өзгерістер түбегейлі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Референдум әрбір азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстан құрудың бағытын нығайтады», – деді аурухана басшысы.
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның ең маңызды демократиялық институт екенін, бірақ Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткенін атап өтті:«Біз жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшеміз. Бұл сапалы көшуді Екінші Республика деп атауға болады. Жұмыс тобы негізгі заңның 33 бабына түзетулер дайындады, бұл Конституцияның үштен бір бөлігі. Алдағы ауқымды және маңызды өзгерістер елдің болашағына айтарлықтай әсер етеді».
№4 қалалық клиникалық ауруханада №470 сайлау учаскесі жұмыс істейді, референдумға стационарлық емделушілер қатыса алады.
Маңызды ақпарат:
Алматы тұрғындары үшін республикалық референдум туралы ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.
+7 (727) 3384545 телефоны арқылы сіз өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен тексере аласыз, сондай-ақ өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылай аласыз. Call-орталық операторлары азаматтардың мүмкіндіктері, дауыс беру тәртібі және референдум күні сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларды түсіндіріп береді. Байланыс орталығы қоңырауларды жұмыс күндері үзіліссіз және демалыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беру күні аяқталғанға дейін қабылдайды. Сайлау учаскесі туралы ақпаратты open-almaty.kz сайтында, сондай-ақ @ReferendumAlmaty2022Bot Telegram боты арқылы алуға болады. Тізімдерден өзіңізді табу және ақпарат алу үшін ЖСН нөмірін енгізу қажет.