Нұрсейітова Әлия Әпешқызы – №4 қалалық клиникалық аурухананың ортопедиялық хирургия бөлімшесінің аға медбикесі.
Жоғары санаты бар, еңбек өтілі – 35 жыл.
1987 жылы Талдықорған медициналық училищесін бітіріп, Екпенді ауылына жұмысқа жіберіліп, сонда 5 жыл жұмыс істеген.
1993-1998 жылдары Кентау қаласындағы балалар ауруханасында аға медбике болған.
Әлия Әпешқызы соңғы 23 жыл №4 қалалық клиникалық ауруханада қызмет етіп келеді. Жедел жарақат бөлімінен бастап, 20 жылға жуық ортопедиялық хирургия бөлімшесінде аға медбике қызметін атқарып келеді.
«Мамандық таңдауыма анам себепші болды. Ол медицина негіздерін білу өмірде қашанда пайдалы болады деп айтатын.Таңдауыма еш өкінген емеспін», – деп бөлісті Әлия Әпешқызы.
Аға медбикенің жұмыс күні таңғы сағат 7.00-де бөлімшені аралаудан басталады. Әлия Нұрсейітова 13 медбике мен 10 кіші медбикеге жетекшілік етеді.
«Жас мамандармен әңгімелесу барысында мен оларды пациенттерге мейірімділік пен жанашырлықпен қарауға баулимын. Әр пациентті жақын туыс ретінде қабылдап, оған ерекше қамқорлық жасауға шақырамын. Күн сайын таңертең сағат 7:00-де палаталарға кіріп, науқастардың жағдайын сұраймын, мен үшін олардың көңіл-күйін, бізде жатқандағы жағдай ұнай ма, шағымдары не қсыныстары бар ма, кезекші ауысым оларға назар аударды ма, палата тазаланды ма – осының бәрін білуге тырысамын. Көп нәрсе медбике күтіміне байланысты, науқас ауруханада жатқанда, орта және кіші медицина қызметкерлерінің бақылауында көбірек уақыт өткізеді, біз олардың көңіл-күйінен әрбір детальді тани білуіміз керек», – дейді Әлия Нұрсейітова.
Ол ортопедияда 20 жылдан астам жұмыс істейді: «Маған травматология ұнайды, мен басқа профильде жұмыс істей алмайтын едім», -дейді бар сеніммен.
Әлия Әпешқызының көп жылдық тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде бірнеше рет атап өтілді.
Ол бірқатар мемлекеттік награда, құрмет грамотасы мен алғыс хаттың иегері:
- 2015 жылдың мамырда «Ұлттық медицина қауымдастығының 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен;
- 2016 жылы жоғары адамгершілік пен мейірімділігі үшін «Мейірім» қоғамдық белгісімен;
- 2017 жылы №4 қалалық клиникалық аурухананың 75 жылдығына орай медальмен;
- 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалімен марапатталған.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
Әлия Нұрсейітова ұл-қыз өсіріп, бүгінде алты немеренің аяулы әжесі.