№4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары омыртқаға операция жасау кезінде баллонды кифопластика әдісін қолданады.
Ағаштарды кесу кезінде ер адам 50-70 см биіктіктен құлады. Осыдан кейін осьтік жүктеме кезінде бел-сегізкөз аймағында ауырсыну, бел омыртқасындағы қозғалыстардың шектелуі туралы шағымдар пайда болды. Жедел жәрдем бригадасы ер адамды №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіп, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызды.
«Қойылған диагноз: III дәрежелі омыртқаның L1 денесінің қыспа сынуы, остеопороз аясында II дәрежелі омыртқаның L3 денесінің қыспа сынуы. Люмбальгиялық синдром», – деп нақтылады бөлім меңгерушісі Нуржан Ажибеков.
«МИА астындағы L1, L3 омыртқалардың дене кифопластикасы» отасы жүргізілді.
Қыспа сынуы жағдайында қолданылатын баллонды кифопластикасының мақсаты – омыртқалардың зақымдалған денелерін түзету және тұрақтандыру. Басқаша айтқанда, бұл емдеу әдісінің мақсаты қыспа сынықтарынан туындайтын ауырсынуды жою, сондай-ақ сынған омыртқаның биіктігін қалпына келтіру болып табылады.
Рентгенмен басқарылатын ота кезінде хирург арқа жағында кішкене кесу жасайды және трокарды орнатады, оның түтігі арқылы омыртқаға арнайы баллонды катетерін енгізеді, ол рентген контрастық затпен толтырылады. Содан кейін рентген бақылауымен баллон үрленеді, нәтижесінде омыртқалардың бөліктері көтеріліп, орнына түседі. Содан кейін хирург баллонды босатып, оны алып тастап, зақымдалған омыртқаның қуысына бірнеше минут ішінде қатып қалатын арнайы цемент енгізеді. Ота нәтижесінде арқадағы ауырсынуды азайтуға болады (кейде ауырсыну толығымен алынып тасталады) және дене мүсінін қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар, омыртқаның тұрақтануына қол жеткізіледі, бұл зақымдалған омыртқаның шөгуіне және омыртқаның деформациясына жол бермейді.
Отадан кейінгі емдеу және оңалту қалай жүргізіледі?
Әдетте, ауырсыну операциядан кейін бірден өтеді. Отадан 1-2 күн өткен соң науқас үйге шығарылады. Ауырсынуды басатын дәрілерді сирек жағдайларда ғана қабылдауға мәжбүр. Отадан бір күн өткен соң бақылау тексерісі және рентгенография жүргізіледі. Содан кейін физиотерапевт науқасқа отадан кейін бір аптадан кейін бастауға болатын алдағы оңалту бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіреді. Әдетте арнайы корсет кию қажет емес. Ота жергілікті анестезиямен немесе қысқа мерзімді наркозбен жүргізіледі. Жүктемелер отадан кейін бірден мүмкін болады. Ауырсынудың тез төмендеуі байқалады.
Ота шұғыл және жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы Бюросы арқылы стационарға емдеуге жатқызу кезінде жүргізіледі.
#төртіншіаурухана #ГКБ4 #четвертаябольница