Он мың вольт ток соққан ер адам аман қалды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Он мың вольт ток соққан ер адам аман қалды

Алматылық комбустиологтар жоғары вольтты электр желісі ток соққан 27 жастағы жігіттің өмірі үшін екі ай бойы күресті.

Электр монтаждаушысы болып жұмыс істейтін Аян көктемде Абай облысы Алакөл ауданындағы учаскеде жұмыс істеп жүріп электр жарақатын алды. Ер адам алғашқы 10 күнді Алакөл орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде өткізді, кейін жағдайы тұрақталған соң науқас тиісті деңгейде көмек көрсете алатын күйік бөлімі мамандары бар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Комбустиологтар оған электр тогының әсерінен – 2-дәрежелі электр жарақаты. Білек, қол, іштің алдыңғы қабырғасы, табанның IV дәрежелі электрлік күйігі диагнозын қойды.

«Науқас туыстары мен реаниматологтың сүйемелдеуімен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оны көпбейінді дәрігерлер бригадасы – травматолог, реаниматолог-анестезиолог, терапевт – жан-жақты тексеріп, күйік бөліміне жатқызды. Білек пен қолдың төменгі үштен бір бөлігінде күйік жаралары, екінші саусақтың некроз аймақтары, сол жақта алдыңғы іш қабырғасы аймағында күйік жаралары, оң табан аймағында медиальды бетінде және сол табанның бүйір бетінде электрлік күйік іздері анықталды. Науқастың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланды», – деді бөлім меңгерушісі, дәрігер-комбустиолог Елдос Әлменов.

53 күн ем, теріні ауыстыру бойынша 5 «бір мезгілде аутодермопластикамен кешіктірілген некрэктомия» пластикалық отасы жүргізілді.
Жарақат алған кезде сол және оң қолдың сұқ саусақтарының демі бітті, бірақ хирургтар қолды инфекцияның таралуынан құтқарып, қалған саусақ фалангтары мен табанды ампутациядан сақтай алды. Электрмонтеры Аян абайсыздыққа тап болған жағдайға өзін ғана кінәлайды. Өмір үшін ұзақ күрескен ол ауруханадан өз аяғын басып шықты.

«Жұмыс барысында өз қателігімнен мені ток соғып, ауруханаға түстім. Алматы Төртінші қалалық ауруханасының дәрігерлері мен қызметкерлеріне мен үшін жасаған барлық ісі үшін алғыс айтамын. 53 күн бойы мені осында құтқарып, күтті, медбикелер қарады, дәрігерлер емдеді. Медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз», – деп бөлісті Аян Мерекенов.

Оталық топ: Елдос Әлменов – хирург, Айбек Кәрімов пен Сәрсембі Әсіпов – ассистенттер, Жандос Дәулетбеков пен Қанатбек Райымбеков – анестезиологтар, Әйгерім Әбіжанова – оталық медбике

Он мың вольт ток соққан ер адам аман қалды