Пугач Ольга Михайловна Қазақстан анестезиолог-реаниматологтар федерациясының «Ардагер Анестезиолог-Реаниматолог» төсбелгісімен марапатталды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Пугач Ольга Михайловна Қазақстан анестезиолог-реаниматологтар федерациясының «Ардагер Анестезиолог-Реаниматолог» төсбелгісімен марапатталды

Құрметті әріптесіміз, сала ардагері Пугач Ольга Михайловна Қазақстан анестезиолог-реаниматологтар федерациясының «Ардагер Анестезиолог-Реаниматолог» төсбелгісімен марапатталды.
Кәсіби қауымдастықтың құттықтауында: «Отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына еткен аянбай еңбегі үшін марапатталады» делінген.
Ольга Михайловна денсаулық сақтау саласында 46 жыл еңбек етіп келеді. Оның 45 жылы Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында ең жауапты қызметте өтті.
Ол 20 жыл бойы №4 қалалық клиникалық аурухананың реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі болған.
Бүгінде Пугач Ольга Михайловна аурухананың Пациенттерді қолдау, ішкі тексеру мен аудит қызметінің дәрігер-сарапшысы.
Кәсіби мереке – Дүниежүзілік анестезия күні құтты болсын!

Пугач Ольга Михайловна Қазақстан анестезиолог-реаниматологтар федерациясының «Ардагер Анестезиолог-Реаниматолог» төсбелгісімен марапатталды