Әріптесіміз, терапевт-дәрігер Ерниязова Айгүл Нұрмағамбетқызын Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025” республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үшін үздік деп танылуымен құттықтаймыз. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Әріптесіміз, терапевт-дәрігер Ерниязова Айгүл Нұрмағамбетқызын Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025” республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үшін үздік деп танылуымен құттықтаймыз.

Әріптесіміз, терапевт-дәрігер Ерниязова Айгүл Нұрмағамбетқызын Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025” республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үшін үздік деп танылуымен құттықтаймыз. Ол “Үздік жас медицина қызметкері” номинациясында жеңіске жетті.

Айгүл Нұрмағамбетқызы – жоғары білікті маман, ол кәсіби білімі, жоғары жұмыс қабілеті, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығымен ерекшеленеді. Ауруханада өзін сауатты, мұқият және жанашыр дәрігер ретінде танытты. Ол тамаша клиникалық дағдыларға ие және науқастарды диагностикалау мен емдеуге белсенді қатысып, медициналық көмек көрсетудің барлық стандарты мен хаттамаларын қатаң сақтайды.

Өз білімін үнемі жетілдіріп, семинар, тренинг пен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Тәлімгерлік қабілеті бар, әріптестерімен және жас мамандармен тәжірибе бөлісуге әрдайым дайын.

Білімі мен кәсіби жолы:

✅ 2018 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін “Жалпы медицина” мамандығы бойынша тәмамдады.
✅ 2020 ж. – осы оқу орнында “Терапевт-дәрігер” мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.
✅ 2020-2022 ж.ж. – “Терапевт-дәрігер” мамандығы бойынша резидентурада оқыды.
✅ 2020 жылдың тамыз айынан бастап – №4 қалалық клиникалық аурухананың терапия бөлімшесінде терапевт-дәрігер болып қызмет етеді.

Айгүл Нұрмағамбетқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған кәсіби қызметінде толағай табыс тілейміз!

Әріптесіміз, терапевт-дәрігер Ерниязова Айгүл Нұрмағамбетқызын Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025” республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үшін үздік деп танылуымен құттықтаймыз.