Төртінші қалалық ауруханада 40% күйік алған ер адам емдеп жазылды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Төртінші қалалық ауруханада 40% күйік алған ер адам емдеп жазылды

«Үстімде бензин жалындап жатты»: төртінші қалалық ауруханада 40% күйік алған ер адам емдеп жазылды.

Жанармай сүзгісін өз бетінше ауыстыруға тырысқанда, бензин Ринаттың үстіне төгілді. Қысқа тұйықталу өрттің шығуына себеп болды.

«Бұл 26 қыркүйекте болды. Мен көлікті жөндеп жатқанда, аяғым жанып кетті. Мен аласұрып аулада жүгірдім, жерде домалауға тырыстым, бірақ бензин үстімде жалындап жатты. Мен жалынды сөндіре алмадым», – дейді РИНАТ ИЛЬМИЕВ.

Елдегі ең ірі күйік орталығы № 4 Қалалық клиникалық ауруханада орналасқан. Ер адам клиниканың қабылдау бөліміне жеткізіліп, бірден АРҚТБ-не жатқызылды. Әдетте, ең ауыр зардап шеккендер – қатты күйікпен, күйіктік шокпен, тыныс жолдарының зақымдалуымен, қан кетумен, дененің өмірлік маңызды функцияларының бұзылуымен – реанимация бөліміне жатқызылады. АРҚТБ реанимациялық іс-шараларды, қарқынды терапияны және бақылауды жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

«Науқас ауыр халде түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, клиникалық-зертханалық және аспаптық тексерулер, мультидисциплинарлық тексерулер жүргізілгеннен кейін оң білектің, алдыңғы іш қабырғасының, аяқ-қолдардың, бөкселердің термиялық күйігі s=40%/I-II-IIIa-ІІІб дәрежесі диагнозы қойылды. Септикотоксемия сатысындағы күйік ауруы. Дене бетінің 40% термиялық күйігі. Қажетті медициналық көмек көрсетілді», – деді емдеуші дәрігер ДИАС ДАУЛЕТБАЕВ.

2,5 ай аурухана қызметкерлері науқастың өмірі үшін күресті. Құрамында комбустиологтар мен реаниматологтар бар жоғары білікті дәрігерлер тобы бес хирургиялық операция жасады, олардың үшеуі тері трансплантациясы бойынша. Бүгін таңда ер адам жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

«70 күн бойы біздің жетекші комбустиологтар мен реаниматологтар осы пациентті емдеумен айналысты. Жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтар терең күйіктерді ерте хирургиялық емдеу технологиясын белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Ауқымды күйік жаралары бар пациенттерге арналған «Redactron» аэротерапиялық флюидизациялайтын, күйікке қарсы кереуеттер деп аталатын қондырғылары іске қосылды. Бұл орташа көрсеткіштермен салыстырғанда емдеу мерзімін 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емдеудің функционалды және косметикалық нәтижелері айтарлықтай жақсарады, ұзақ мерзімді емдеумен байланысты пациенттердің азабын едәуір төмендетуді айтпағанда», – деп нақтылады №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері САҒИ БЕЙСЕНБЕКОВ.

Емдеуші комбустиолог дәрігерлер: БИКОНУРОВ НУРЖАН ОМАРОВИЧ – бөлімше меңгерушісі, АЛЬМЕНОВ ЕЛЬДОС АДИЛЬХАНОВИЧ, ДАУЛЕТБАЕВ ДИАС ЕРМУХАНБЕТОВИЧ.

Анестезиологтар: ДАУЛЕТБЕКОВ ЖАНДОС ШЫМЫРТАЙУЛЫ, УТЕГЕНОВА ЖАННА АМИРАЛИЕВНА.

«Мені 2,5 ай емдеді, Аурухана қызметкерлеріне өмірімді сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Үйде мені жұбайым мен үш ұлым күтіп отыр, бүгін отбасыма ораламын», – деп бөлісті РИНАТ ИЛЬМИЕВ.

Төртінші қалалық ауруханада 40% күйік алған ер адам емдеп жазылды