
№4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары қызмет ашылған күннен бастап жүзінші (100) нейроинтервенциялық ота жасады.
Науқастың диагнозы: ишемиялық инсульттан кейінгі жағдай. Ішкі ұйқы күретамыры сағасының стенозы (субокклюзия). Ангиография және сол жақ ішкі ұйқы күретамырының өткізгіштігін қалпына келтіру – ІҰК сағасын стенттеу жүргізілді.
2021 жылдың басында Клиникада рентгенэндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімінің ашылуы болды, онда нейро және кардиологиялық тамырлы оталар жасау басталды. №4 ҚКА-да алғашқы нейроинтервенциялық операция 2021 жылғы 6 ақпанда жүргізілді. Жүзінші операция сегіз айдан кейін өтті.
Жүзінші нейроинтервенциялық ота жасалды