Функционалды диагностикалық бөлімшенің тарихы 2013 жылдан басталады, сол жылы №4 Қалалық клиникалық ауруханасының жаңа ғимараты салынды. Сол кезеңде жүрек қан- тамыр және тыныс алу жүйесін тексеруге мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген:
- тыныштық кезеңдегі ЭКГ,
- сыртқы тыныс алу қызметін тексеру (спирография),
- құрсақ қуысы ағзаларының, көкірек қуысы ағзаларының, экдокринді ағзаларының, жүрек қан – тамыр жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі.
- Эндоскопиялық тексеру бойынша видеоэзофагогастродуеденоскопия, видеоколоноскопия, видеобронхоскопия.
Бөлімше қарқынды дамуда.
2013 жылдың соңында ультрадыбыстық денситометр алынды, ол остепороз және остеопенияны зерттеуде «алтын стандарт» болып табылады.
2014 жылы №4 Қалалық клиникалық ауруханасы базасында науқастарды скринингтыэндоскопиялық тексеру мақсатында эндоскопиялық орталық ұйымдастырылды, соған байланысты кабинеттерде заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жоғары сападағы HDTV форматта заманауи видеожабдықта көрсететін қызмет түрлері:
- Эндоскопиялық ота түрлері (биопсия алу, полиэктомия, ЭРХПГ, қан кетуді тоқтату, бөгде заттарды алу және т.б).
- Асқазан ішек жолдарын, панкреатбилиарлы аймақты, тоқ ішекті трахея және бронхтарды эндоскопиялық ультрадыбысты сканерлеу.
- Өңештің кеңейген веналарын лигерлеу.
2016 жылы функционалды диагностика кабинеті Холтер және СМАД аппараттарымен толықтырылды.
Сонымен қатар 2017 жылдың басында:
- ультрадыбысты аппарат Esaote MyLabClassC
- неврологиялық науқастарға арналған электро энцефалограф- Нейрон Спектр-4 аппараттарымен толықтырылды.
Қазіргі уақытта функционалды диагностика бөлімшесі заманауи, жақсы жабдықталған бөлім. Бөлімше құрамында 3 ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, 4 эндоскопия кабинеті, 1 функционалды диагностика кабинеті бар. Бөлімшеде 20 – дәрігер, 13 – мейірбике, 5- кіші мейірбике жұмыс істейді. Бөлімшеде тәжірибесі мол білікті мамандар жұмыс істейді, олар әр түрлі тексеру әдістерін біліп қана қоймай, ең тиімді тексеру тәсілін қолданады.
УДЗ дәрігері ДЗ дәрігері УДЗ дәрігері Функционалды диагностика кафедрасының меңгерушісі УДЗ және функционалдық диагностика дәрігері, 2-разряд
Адильбекова Жанна Куролсыновна

Джантуринова Айман Айболатқызы

Оразбай Сағит Салыбекұлы

Оңайбай Қаныш Кәдірбекұлы

Скакова Салтанат Абдрахмановна
