№4 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Мейрамбек Оңғарұлы Жұмағұлов Дюпюитрен контрактурасын емдеу бойынша шағын инвазивтік ем-шара жүргізеді.
Контрактура дегеніміз – буындардағы қозғалыстың шектелуі болып табылады. Контрактура негізінен қол саусақтарының буындарында жиі кездеседі, адамның бір немесе бірнеше саусағын бүге (жаза) алмауынан басталады.
Инелік апоневротомия -бұл шағын инвазивтік әдіс, көптеген ұсақ тесіктер жасау арқылы саусақтардың бүгілуін (жазылуын) қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осы әдістеме бойынша ем-шараны арнайы осы сала бойынша біліктілігін арттырған маман жасайды. Жергілікті анестезия енгізгеннен кейін травматолог-ортопед дәрігері М.Жұмағұлов ауру зақымдаған тінді бөліп алу үшін инені қолданады. Ешқандай кесу қажет емес және ем-шараны амбулаториялық негізде жүргізуге болады, сондай-ақ ем-шараның тиімділік нәтижелерін ота кезіндегі нәтижелермен салыстыруға болады. Ашық отадан айырмашылығы, науқас келесі күні жеңіл жұмысқа шыға алады, 4-7 күнде спортпен және ауыр физикалық еңбекпен айналыса алады.
“Біздің клиникаға жақын арада науқас ер кісі Дюпюитрен контрактурасы мәселесімен жүгінген болатын. Жергілікті анестезия қолданылып, 15 минут ішінде инелік апоневротомия жүргізілді. Егер бұрынғы уақытта тек хирургиялық емдеу қолданылса, хирургиялық араласу жалпы анестезиямен жүргізілген, жара нашар жазылатын, үлкен тыртық қалатын, енді жаңа әдістеме бойынша науқастарды жеңілдетілген әдіспен емдеуге болады. Ер адам ем-шарадан кейін ауруханадан үйіне шығарылып, оған отадан кейінгі әзірлеме мен амбулаториялық жағдайда физиотерапия ұсынылды”, — деді №4 ҚКА ортопедиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мейрамбек Жұмағұлов.
ДЮПЮИТРЕН КОНТРАКТУРАСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Бұл дерт ер адамдарда жиі кездесетін патология болып табылады. Аурудың дамуының нақты себептері белгісіз. Алайда, француз ғалымдары тұқым қуалаушылық маңызды рөл атқарады деген болжамда. Қол жарақаттары мен шамадан тыс жүктемелерінің немесе метаболикалық бұзылулардың әсерін де жоққа шығаруға болмайды. Көбінесе контрактура екі қолға бірден әсер етеді. Аурудың дамуын алақанда пайда болған тері түйіндері мен терінің қалыңдауынан байқауға болады.
Ауру ең алдымен аты жоқ саусақтан басталады, одан кейін ортаңғы саусақ пен кішкентай саусақты (шынашақты) зақымдайды. Бас бармақ пен сұқ саусақтардың зақымдануы өте сирек кездеседі. Дюпюитрен контрактурасы баяу дамиды және кейбір жағдайларда ауырсыну мен қышумен бірге жүреді. Бұл аурумен ауыратын науқастарда алақан фасциясы қалыңдайды және қысқарады, бұл сіңірлердің зақымдалуына және тері астындағы жіпшелердің пайда болуына әкеледі. Онда гиперплазаланған дәнекер тіндер пайда болады.