8 Наурыз мерекесі қарсаңында қызықты сандарды жариялаймыз . Біздің ұжымда 1145 адам жұмыс істейді, оның 826-сы әйел қауымы, бұл қызметкерлердің жалпы санының 72%-ын құрайды.
Бүгінгі таңда әйелдер қоғам мен мемлекеттің табысты дамуына үлес қосып, маңызды жоғары қызметтерді атқарып жатыр.
«8 Наурыз құтты болсын, құрметті әріптестер. Көктемнің басы әйелдерге арналғаны қандай тамаша. Сіздердің даналығыңыз үй-ошақты сақтаса, шыдамдылығыңыз күнделікті өмірдің қиындығына төтеп беруге, ал мейірімділігіңіз – ұрпақты өсіруге көмектеседі. Мейірімділігіңіз, махаббат пен нәзіктігіңіз, еңбегіңіз бен мейіріміңіз үшін рахмет. Сіздерге өзіңізге деген сенімділік, сүйкімділік пен табандылық, бақытты өмірге арналған тамаша идеялар мен барлық асыл тілектеріңіздің орындалуын тілейміз. Әрқашан табысты, сұранысқа ие, ардақты, қызықты да өршіл болыңыздар. Осы тамаша мереке сізге көптеген жағымды сәттер сыйласын!», – деп клиниканың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков ұжымның ерлерінің атынан құттықтап өтті.
Емханада 19 клиникалық және 9 көмекші бөлімше бар. Бас дәрігер ұжымның табысты дамуында әйелдердің үлесі зор екенін баса айтты. Науқастың сауығуы көп жағдайда әйелдің қамқор қолы мен мейірімді жүрегімен көрсетілетін стационарлық көмектің сапасына байланысты.