Академик Н.Д.Батпенов атындағы ҰҚКО, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық ауруханасы» МКК, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасы және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы алматылық травматолог-ортопедтерге арналған білім беру курстарының топтамасын ұсынады.
Шеберлік сабақтар №4 қалалық клиникалық ауруханасының базасында өтеді.
- 9-10 маусым, РФ, Мәскеу қаласы, Н.Н.Приоров атындағы Травматология және ортопедия ұлттық медициналық ғылыми орталығының 15-травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. Г.В.Коробушкина қатысады.
- 15 маусым, Франция, Тур қаласы, әлемге әйгілі ортопед-хирург Didier Oudet қатысады.
Курстар кестесі:
09-10 маусым:
- Аяқ жарақаттарына сыртқы бекіту құрылғыларын салу;
- «Пилон» сынығын, асық және өкше сүйектерін кезең-кезеңмен емдеу;
- өкше сүйегінің сынуының салдарын емдеу;
15 маусым:
- иық буынын қайтымды протезбен эндопротездеу;
- иықтың үйреншікті шығуы кезінде жасалатын Латаржет отасы;
- айналмалы манжетті қалпына келтірумен субакриомиальды кеңістіктің артроскопиялық декомпрессиясы;
Сондай-ақ, халықаралық шеберлік сыныптары аясында хирургиялық емдеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында «Дөңгелек үстел» өтеді.
Білім беру курстары аяқталғаннан кейін Қазақстан травматологтары мен ортопедтері қауымдастығы атынан шеберлік сыныпты аяқтағаны туралы сертификаттар беріледі.
- Уақыты: сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.
- Өтетін орны: Алматы қ., Папанин көшесі, 220. №4 қалалық клиникалық аурухананың кіші мәжіліс залы.
- Қатысушыларды аккредиттеу телефоны: +7 705 552 40 49 Елдес Сүгір.
Білім беру курстарының топтамасы