Бас дәрігерінің бос лауазымына байқаулық іріктеу – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ ” №4 Қалалық клиникалық аурухана” МКК бас дәрігерінің бос лауазымына байқаулық іріктеу

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ “№4 Қалалық клиникалық аурухана” МКК бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі), Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Папанина көшесі, 220 үй, анықтама телефоны: 8(727)300-36-01 электрондық пошта: gkb4almaty@mail.ru, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ “№4 Қалалық клиникалық аурухана” МКК “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-№305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы Бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына байқау өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы ҚР ДСМ-№58/2020 бұйрығымен бекітілген, бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға байқау жариялайды.

Байқауды өткізу күні:

1. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 06.07.2022 ж., сағат 9.00-ден бастап

2. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 22.06.2022 ж., сағат 9.00-ге дейін.

  • осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде кәсіпорынға құжаттарды ұсыну;
  • бақылау кеңесі ұсынылған құжаттардың лауазымға, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
  • бақылау кеңеспен әңгімелесу өткізу – кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Байқауды өткізу орны: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Папанина көшесі, 220 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №305/2020 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының заңында көзделген міндеттерге сәйкес.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Байқауға қатысушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №305/2020 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы Республикалық маңызы бар ұйым басшысына (бас директор, директор) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Байқауға қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №58/2020 ҚР ДСМ бұйрығымен көзделген құжаттарды ұсынады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын кәсіпорынның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде жібереді: ainur_smagulovna@mail.ru.

Құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бас дәрігерінің бос лауазымына байқаулық іріктеу