Денсаулық сақтау мен білім беру ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Денсаулық сақтау мен білім беру ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция

Бұл тезис Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйектің 1-індегі жыл сайынғы Жолдауында реформалардың үшінші бағыты ретінде айтылды.

“Еліміздің басты құндылығы – адам”, – деп басталады үшінші бағыт.

Төртінші қалалық клиникалық аурухана ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады.

Айтылған аса маңызды ретке келтірілуі тиіс мәселелердің бірі – қаржыландыру жүйесі.

Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

Мақсат:

  • Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу;
  • Денсаулық сақтауды және тұтастай алғанда әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау;
  • Медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді жақсарту.

Медицина инвестициялық тартымды салаға айналуы керек.

2023 жылы Ұлттық жоба басталады.

Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады.

Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады.

Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді.

Денсаулық сақтау мен білім беру ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция