Аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Теміров Қосмұхан Амангелдіұлы – №4 Қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері.

Жұмыс өтілі – 15 жыл, бірінші санатты дәрігер.

«Дәрігер мамандығын таңдаудағы мақсатым анам ауырды, ауылдық жерде тұрғандықтан дәрігерге мұқтаж болдық. Ауылда фельдшерлік медпункт болатын, бірақ дәрігер болмағандықтан, анашым ауырғанда, қалаға баруға тура келетін. Сол себептен болса керек, бала кезімнен дәрігер болам деп шешкенмін», – дейді Қосмұхан Теміров.

Оның айтуынша, анестезиолог білімді және де ұқыпты болуы керек.

Анестезиолог отаға келген науқастардың бүкіл қан талдауын, инструменталдық тексерулердің бәрін қарап, тексеріп, науқасқа ота жасауға рұқсат береді.

Отадан кейін науқас наркоздан оянғанша жанында болып, бақылап жүреміз. Ауыр науқастармен (комадағы) реаниматолог дәрігер іштей сезініп, сөйлескендей боламыз, және науқастың жағдайы жақсарып, наукасты аяғына тұрғызып, бөлімшеге ауыстырғандағы дәрігердің қуанышын сөзбен айтып жеткізу өте қиын», – дейді Қосмұхан Амангелдіұлы.

Қай жерде жұмыс істегенді қалайсыз: реанимация бөлімінде ме, әлде оталық бөлмеде ме? – деген сұраққа, былай жауап береді:

Мамандығым реаниматолог-анестезиолог болғандықтан менде таңдау жоқ – кімге қайда көмек керек, реанимация болсын, оталық бөлім болсын – мен сонда көмектесем.

Қосмұхан Теміров көпбалалы әке, оның 3 ұл және бір қызы бар.

Аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері