Жол апатынан кейін ауыр жағдайда болған науқас: Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері көпсатылы ота жүргізіп, науқасты оң динамикамен үйге шығарды

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханаға 35 жастағы ер адам Балқаш ауданының Орталық аудандық аурузанасынан жерүсті санитарлық авиациямен жеткізілді. Науқас қарашаның 11-інде Қапшағай-Бақанас тас жолында болған ауыр автокөлік апатынан зардап шеккен. Науқас ауруханаға түскенде онда келесі ауыр жарақаттар анықталды:
-аралас жарақат;
-кеуде қуысының жабық жарақаты;
-оң жақта пневмоторакс, оң жақ өкпе коллапсы;
-сол қолдың ортаңғы үштен бір бөлігіндегі екі сүйектің жарықшақтанған жабық сынуы;
-оң қолдың шынтақ сүйегінің жабық жарықшақтанған сынуы;
-сол жамбастың ығысумен көп жарықшақтанған бөлшекті сынуы;
-сол тізе қабының жабық жарықшақтанған сынуы;
-оң жамбастың буын сынуы.

Науқас келгеннен кейін мультидисциплинарлық команда – реаниматолог, травматолог, кардиолог, нейрохирург, реабилитолог және басқа мамандар – қарады. Жағдайдың критикалық екенін ескере отырып, ол аралас жарақат бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер консилиумы екі кезеңде хирургиялық емдеуді жүргізуді белгіледі.

I кезең:
-жамбас сүйегін интрамедуллярлы тірекпен остеосинтездеу;
-тізе қабының остеосинтезі;
-жамбас буындарының остеосинтезі.

II кезең:
-сол қолдың білек және шынтақ сүйектерін интрамедуллярлы тіректермен остеосинтездеу;
-оң қолдың шынтақ сүйегін интрамедуллярлы тірекпен остеосинтездеу.

Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Барлығы бес сүйек сегментіне ота жасалды. Қазір науқас белсенділендірілген, жүріс арбасы көмегімен жүріп-тұрады, тұрақты қалпына келу динамикасын көрсетеді. Емделу барысында – 14 күн ішінде – науқастың жағдайы едәуір жақсарды, бұл оны травматологиялық реабилитация үшін үйге шығаруға мүмкіндік берді.

Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, травматолог-ортопед Магадин Хайроев:
«Науқас қажетті көлемде хирургиялық ем алды. Қазір жағдайы тұрақты, өз бетінше белсенді, алда – реабилитация кезеңі. Динамикасы оң», – деп атап өтті.

Ота жасаған бригада:
-Хайроев Магадин Микаилович- травматолог дәрігер;
-Жорабек Сұлтан – ассистент;
-Сүлейманов Нұрлан Кожмухамбетович – анестезиолог;
-Жаксымуратов Мухит Закирович – емдеуші дәрігер.

Жол апатынан кейін ауыр жағдайда болған науқас: Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері көпсатылы ота жүргізіп, науқасты оң динамикамен үйге шығарды