№4 ҚКА дамуының негізгі бағыттары айқындалды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №4 қалалық клиникалық аурухана жұмысының қорытындыларын тыңдады. Пациенттердің жүгіну санының артуы, ота көлемінің көбеюі және отадан кейінгі өлім-жітімнің төмендеуі атап өтілді. Негізгі басымдық – медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі.

Алға қойылған міндеттердің қатарында кадрлық құрамды толықтыру, кадр әлеуетін дамыту, дәрігерлер мен медбикелерді оқытуды дамыту бар. Тек травматологияны ғана емес, хирургия, кардиология, неврология, гинекология және терапия бағыттарын да дамыту қажеттігі баса айтылды. Аурухана көпбейінді стационар ретінде дамып, болашақта оқыту орталығына айналуы тиіс. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын аяқтап, стационарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру тапсырылды.

Бұдан бөлек, медициналық ақпараттық жүйенің жұмысын жақсарту, пациенттерді «жоғалту» себебін талдау және емханалармен, әсіресе созылмалы ауруы бар пациенттер бойынша, өзара іс-қимылды нығайту міндеттері қойылды.

2025 жылдың қорытындылары:
ауруханаға жүгінген – 81 869 адам, ем қабылдағандар – 17 650, жасалған ота – 12 446 (өсім – 4,4%), отадан кейінгі өлім-жітім төмендеді. Шұғыл ота – 67%, жоспарлы ота – 33%. 2 236 эндопротездеу жүргізілді, 375 жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді.

2025 жылдың соңында ауқымды қайта жаңғырту аяқталды: қабылдау бөлімінің өткізу қабілеті тәулігіне 450 пациентке дейін артты, жаңа ота жасау бөлмелері ашылды, тері арқылы коронарлық араласу орталығы іске қосылды, 12 төсек-орынға арналған шұғыл АРҚТБ жұмысын бастады.

Алдағы жоспарлар: өңірлік травматология және ортопедия орталығын ашу, жаңа технологияны енгізу және медициналық көмектің барлық бейіні бойынша одан әрі дамыту.

№4 ҚКА дамуының негізгі бағыттары айқындалды