
Функционалды диагностикалық бөлімшенің тарихы 2013 жылдан басталады, сол жылы №4 Қалалық клиникалық ауруханасының жаңа ғимараты салынды. Сол кезеңде жүрек қан- тамыр және тыныс алу жүйесін тексеруге мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген:
- тыныштық кезеңдегі ЭКГ,
- сыртқы тыныс алу қызметін тексеру (спирография),
- құрсақ қуысы ағзаларының, көкірек қуысы ағзаларының, экдокринді ағзаларының, жүрек қан – тамыр жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі.
- Эндоскопиялық тексеру бойынша видеоэзофагогастродуеденоскопия, видеоколоноскопия, видеобронхоскопия.
Бөлімше қарқынды дамуда.
2013 жылдың соңында ультрадыбыстық денситометр алынды, ол остепороз және остеопенияны зерттеуде «алтын стандарт» болып табылады.
2014 жылы №4 Қалалық клиникалық ауруханасы базасында науқастарды скринингтыэндоскопиялық тексеру мақсатында эндоскопиялық орталық ұйымдастырылды, соған байланысты кабинеттерде заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жоғары сападағы HDTV форматта заманауи видеожабдықта көрсететін қызмет түрлері:
- Эндоскопиялық ота түрлері (биопсия алу, полиэктомия, ЭРХПГ, қан кетуді тоқтату, бөгде заттарды алу және т.б).
- Асқазан ішек жолдарын, панкреатбилиарлы аймақты, тоқ ішекті трахея және бронхтарды эндоскопиялық ультрадыбысты сканерлеу.
- Өңештің кеңейген веналарын лигерлеу.
2016 жылы функционалды диагностика кабинеті Холтер және СМАД аппараттарымен толықтырылды.
Сонымен қатар 2017 жылдың басында:
- ультрадыбысты аппарат Esaote MyLabClassC
- неврологиялық науқастарға арналған электро энцефалограф- Нейрон Спектр-4 аппараттарымен толықтырылды.
Қазіргі уақытта функционалды диагностика бөлімшесі заманауи, жақсы жабдықталған бөлім. Бөлімше құрамында 3 ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, 4 эндоскопия кабинеті, 1 функционалды диагностика кабинеті бар. Бөлімшеде 20 – дәрігер, 13 – мейірбике, 5- кіші мейірбике жұмыс істейді. Бөлімшеде тәжірибесі мол білікті мамандар жұмыс істейді, олар әр түрлі тексеру әдістерін біліп қана қоймай, ең тиімді тексеру тәсілін қолданады.
Заведующий отделением функциональной диагностики Врач УЗИ и функциональной диагностики 2 категория.Оңайбай Қаныш Кәдірбекұлы
Скакова Салтанат Абдрахмановна