№2 бөлімінде зертхана. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
№2 бөлімінде зертхана.

Төртінші қалалық аурухананың № 2 жұқпалы аурулар бөлімінің толыққанды жұмыс істеуі үшін жатақхана ғимаратында зертхана ашылды.

№ 2 ковид бөлімшесінің қуаты 300 төсек. Бұл COVID-19 жеңіл және орташа ауырлықтағы науқастарды емдейтін үшінші эшелон.

Бұл зертханада клиникалық қан анализі, коагулограмма, қанның ұю уақыты мен глюкоза деңгейін анықтау, жалпы зәр анализі, Нечипоренко сынағы жүргізіледі. Қанның биохимиялық талдауы, С-реактивті ақуыз, ферритин, ЛДГ талдаулары – №4 ҚКБ клиникалық-диагностикалық зертханасында жүргізіледі. Нәтижелер 1-1,5 сағат ішінде алынады. Көрсетілімдер бойынша басқа талдауларды, сондай-ақ рентген-компьютерлік диагностиканың және УДЗ-нің толық көлемін №4 Қалалық клиникалық аурухана базасында жүргіземіз.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда Алматы мемлекеттік Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің №1 жатақханасының базасында COVID-19 бар науқастарды емдеу үшін инфекциялық стационар ашылды.

№2 бөлімінде зертхана.