№4 ҚКА дәрігерлері коронавирустық инфекциясы бар науқастарға операция жасайды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
№4 ҚКА дәрігерлері коронавирустық инфекциясы бар науқастарға операция жасайды

27 шілдеден бастап №4 Қалалық клиникалық ауруханада жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылды.

Алайда, Клиника өзінің негізгі жұмысын тоқтатқан жоқ, персонал 24/7 режимінде Алматы халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуде.

10 тамызда №4 ҚКА қабылдау бөліміне 1960 жылы туылған К. атты науқас жеткізілді. Диагноз: оң жақ жамбас сүйектері мойынның ығысқан жабық сынуы. Травматологтар шұғыл операция жасады – оң жақ жамбас буынын жалпы эндопротездеу. COVID-19 ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткендіктен, операция эпидемияға қарсы шараларға қатаң сәйкес жүргізілді. Операциядан кейін науқас инфекциялық бөлімде байқалып жатыр.

Хирург – Оразхан Жайдарман

Ассистент – Селиванов Валерий Александрович

Анестезиолог – Шокешов Садубек Келесбекович

Мейірбике – Бармашева Назира.

Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 пандемиясы жағдайында барлық медициналық ұйымдар таза және лас аймақтарға бөлінген инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істейді. №4 Қалалық клиникалық аурухананы қоса алғанда, барлық медициналық ұйымдарда карантин ережелері қолданылады.

🛑 Пациенттердің туыстарының келуіне әлі де тыйым салынады.

🛑 Жақындардың емдеуші дәрігермен күнделікті жұмыс күндері сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, аурухананың бірінші қабатындағы күту залында әңгімелесу.

🛑 Емделушілер үшін сәлемдемелер қабылдау клиникаға орталық кіру жағынан күн сайын сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін ұйымдастырылған.

🛑 Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық пациенттер шұғыл емдеуге жатқызу кезінде COVID-19-ға ПТР алу әдісімен міндетті тексеруге жатады.

🛑 Осы мақсатта жедел және амбулаториялық науқастардың ағындары бөлінген.

🛑 Медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша №4 ҚКА пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметімен 8-708-651-62-02, 8-708-651-62-01 нөмірлері бойынша байланысуға болады.

№4 ҚКА дәрігерлері коронавирустық инфекциясы бар науқастарға операция жасайды