20 мамыр – Дүниежүзілік травматолог күні. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
20 мамыр – Дүниежүзілік травматолог күні.

Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасында кең бейінді травматолог мамандар жұмыс істейді. Клиника тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада 2020 жылы жарақат алған 28 804 науқас емделді. Бүгінгі күні №4 Қалалық аурухананың жарақат пунктіне тәулігіне 140-150 адам жүгінеді.

№4 ҚКА травматологиялық қызметінің қарамағында – политравма, ортопедиялық хирургия, эндопротездеу, нейрохирургия бөлімшесі, асқынған жарақат және сүйек-іріңді хирургия бөлімшесі, күйік бөлімшесі және жоғары білікті травматологтар, нейрохирург және комбустиологтар жұмыс істейтін травмпункт бар. Жалпы хирургия бөлімі іш және кеуде жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетеді.

Қабылдау бөлімшесіне түскен кезде науқасты дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарайды. Клиникада ауыр жанамалас жарақат пен күйік алған науқастарды тексеру, диагностикалау және емдеу үшін барлық жағдайлар бар.

Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесі шектімежедегі ахуалды пациенттерге тәулік бойы шұғыл реанимациялық көмек көрсетеді, қарқынды терапия палаталарында ағзаның өмірлік функциялары бұзылған пациенттерді емдеуді жүзеге асырады, оталық араласулар кезінде жедел және жоспарлы анестезияларды жүргізеді, отадан кейінгі ерте кезеңдегі науқастарды бақылауды қамтамасыз етеді, қарқынды терапияны қажет ететін пациенттерді жүргізу бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңес беру көмегін көрсетеді.

№4 Қалалық клиникалық аурухананың ұжымы травматологиялық қызметі қызметкерлерін кәсіби Халықаралық травматолог күнімен құттықтайды!

20 мамыр – Дүниежүзілік травматолог күні.