ПРЕСС-РЕЛИЗ – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
ПРЕСС-РЕЛИЗ

М.ғ.д., профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі Т.Ж. Султанбаевтың 80 жылдығына арналған «Травматология мен ортопедияның заманауи аспектілері» атты халықаралық қатысумен травматолог-ортопедтердің ғылыми-практикалық конференциясы.

Өткізу орны: «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Қазақстан, Алматы қ., Төле би к-сі, 94.

Өткізу нысаны: онлайн-конференция

Өткізу уақыты: 2021 жылғы 27 мамыр сағат 9.00-де Нұр-сұлтан уақыты бойынша.

Конференциины ұйымдастырушылар: «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Травматология және ортопедия кафедрасы, Алматы қаласының травматолог-ортопедтер қауымдастығы, Алматы қаласының «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

Конференция «Zoom» бағдарламалық жасақтамасын пайдалану арқылы өткізіледі. Онлайн-конференцияға Zoom бағдарламалық жасақтамасы орнатылған ДК немесе Chrome, YandexBrowser браузерін пайдалану арқылы қосылуға болады. Zoom бағдарламалық жасақтамасын алдын-ала орнату арқылы Android және iOS жұмыс істейтін мобильді құрылғылардан қосылуға болады.

Өмірбаяны

Темирбулат Жумасилович Султанбаев 1941 жылы Алматы облысы Матай станциясында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсті. Болашақта Темірболат Жұмасылұлының бүкіл өмірі С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен байланысты болды. АММИ бітіргеннен кейін 1965 жылы Талдықорған облыстық ауруханасына жіберіліп, онда 1969 жылға дейін хирург дәрігері болып жұмыс істеді.

1969 жылдың қазан айында конкурс бойынша АММИ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті болып өтті. 1979 жылы Талдықорған ауруханасының материалында кандидаттық диссертация қорғады. 1974 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасын басқаруға жіберілді.

1977 жылы Мәскеу қаласында «Балалардағы гематогенді остеомиелит» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Т.Ж. Султанбаев өз диссертациясында балалардағы остеомиелитті диагностикалаудың (сүйек ішіндегі қысымды өзгерту) және емдеудің (остеомиелитпен зақымданған сүйекті сүйек ішінде жуу) тиімді әдісін ұсынды және енгізді. Профессор Т.Ж. Султанбаев остеонекроз патогенезін және жедел остеомиелит кезіндегі репарация динамикасын зерттеуге үлкен ғылыми үлес қосты.

1986 жылы АММИ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры болып ауыстырылды. 1992 жылдан 2013 жылға дейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология, ортопедия және ДӘХ кафедрасының меңгерушісі болды, ал 2013 жылдан бастап осы кафедраның профессоры.

Ғылыми еңбектері сүйек патологиясы мәселелеріне арналған. 285 баспа жұмысының, оның ішінде 5 монография, 7 патенттің авторы. Ұзақ кәсіби қызметі уақытысында 8 медицина ғылымдарының докторы мен 20 кандидатын дайындады.

1998 жылдан бастап ҚР МҒА корреспондент-мүшесі, ЖАК хирургиялық пәндер бойынша сараптау комиссиясының төрағасы, ЖАК Президиумының мүшесі, ҚР травматолог-хирургтар қоғамының төрағасы, USCO халықаралық қоғамының мүшесі, денсаулық сақтау үздігі, «Алтын скальпель» иегері, «РЖА ғылым және білімге еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. Үлкен тәжірибе, еңбекқорлық және әдептілік профессор Т.Ж. Султанбаевқа ұжымда және ғылыми қоғамдастықта лайықты ықыласқа бөледі.

Темірболат Жұмасылұлы өмірінің соңғы күніне дейін өзінің бай тәжірибесі мен білімін студенттер мен әріптестеріне беріп отырды, науқастарды емдеуге, университет пен клиниканың қоғамдық өміріне белсене қатысты.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

  • Төраға: Тезекбаев К.М. – м.ғ.к., травматология и ортопедия кафедрасының меңгерушісі;
  • Төраға орынбасары: Набиев Е.Н. – м.ғ.д., кафедра профессоры.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

  • Абу-Джазар У.М. – Ph.D, кафедра доценті;
  • Альжоджаев С.С. – м.ғ.к., кафедра доценті;
  • Турбеков Н.Т. – кафедра ассистенті;
  • Амраев С.А. –Ph.D, кафедра ассистенті;
  • Ни Р.Р. – кафедра ассистенті;
  • Тусупов Д.М.– №4 ҚКА политравма бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Аубакиров М.Г. – №4 ҚКА эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Жумагулов М.О. – №4 ҚКА ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Гайсин Р.Р. – №4 ҚКА КГХ бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Биконуров Н.О. – №4 ҚКА күйік бөлімшесінің меңгерушісі.

Жауапты хатшы:

Амраев С.А. – Ph.D, кафедра ассистенті.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

  • +7 776 147 66 90 – Набиев Е.Н., м.ғ.д., кафедра профессоры, E-mail:6365ej@mail.ru
  • +7701 752 2647–Абу-Джазар У.М.,Ph.D, кафедра доценті, E-mail:dr.osama@mail.ru
  • +7 707 342 11 30– Амраев С.А.,Ph.D, кафедра ассистенті, E-mail:sultan.aa@mail.ru
ПРЕСС-РЕЛИЗ