43 жастағы науқасты Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы реаниматологтар жағдайын тұрақтандырып, одан әрі мамандандырылған ем алу үшін Төртінші қалалық ауруханасының комбустиологтарына жіберді.
«Ремизовка ықшам ауданында жұмыс істеп жүріп. электр доғасынан зардап шеккен ер адам алдымен электр жарақаты, электр доғасымен S=50% (35%)/I-II-IIIa-IIIb дәрежелі термиялық күйік. Екінші дәрежелі күйік шогы диагнозымен Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін екі клиника арасындағы келісім бойынша науқас жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Келген бойда бірден жансақтау бөлімінде көпбейінді дәрігерлер бригадасымен жан-жақты қаралды», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімінің меңгерушісі Елдос Әлменов.
Ер адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланды, науқас ұзақ уақыт бойы қарқынды терапия бөлімінде емделді, онда тыныс алуды, жүрек қызметін және дененің өмірлік маңызды функцияларын сақтауды қамтитын ерте реанимация жүргізілді.
«Үлкен күйікті емдеу көп уақытты әрі комбустиолог, реаниматолог, кардиолог, терапевт, хирург және басқа да мамандардың тығыз ынтымақтастығын қажет етеді. Электр тоғы қауіпті, себебі электр тоғы ағза мен жүйелерді зақымдауы, жүрек жұмысы, тыныс алу, жүйке жүйесінің бұзылуына, сондай-ақ күйікке және басқа да жарақаттарға әкелуі мүмкін. Тоқтың жоғары қарқындылығында қарыншалық фибрилляция дамуы мүмкін, бұл, өз кезегінде, бірнеше минут ішінде өлімге әкелуі мүмкін. Электр жарақатынан кейінгі стресс синдромы сияқты психологиялық зардап да тууы мүмкін», – дейді Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.
Ер адамға тері пластикалық хирургиясы қажет болды: аутодермопластика – сау аймақтан зақымдалған жерге тері трансплантациясы. Бұл әдіс жараның тез жазылу процесін және жылдам қалпына келуді қамтамасыз етеді. Операцияны хирургтар Елдос Әлменов, Диас Дәулетбаев және анестезиолог Қанатбек Райымбеков жасады. Емдеудің 52-күні науқас жағдайы жақсарып, үйге шығарылды.