№4 қалалық клиникалық аурухана базасында «Анестезиология және қарқынды терапия: сепсис диагностикасы мен емдеудің озық әдістері» атты оқыту семинары өтіп жатыр.
ZOOM конференциясына Кәсіби білім беру институты Федералды мемлекеттік автономдық жоғары білім беру мекемесі И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінен (Сеченов Университеті) ресейлік әріптестер қатысып отыр.
Дәрісті медицина ғылымдарының кандидаты, Сеченов Университетінің анестезиология және реанимация кафедрасының доценті Екатерина Буланова оқиды.
Михаил Политов – медицина ғылымдарының кандидаты, Сеченов Университеті Н.В.Склифосовский атындағы Клиникалық медицина институтының анестезиология және реанимация кафедрасының доценті, 10 жылдық тәжірибесі бар анестезиолог-реаниматолог дәрігер.
ZOOM байланысы арқылы медицина ғылымдарының докторы, Сеченов Университеті Н.В.Склифосовский атындағы клиникалық медицина институтының анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры, Ресей медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі,Академик Б.В.Петровский атындағы ресейлік хирургия ғылым орталығының кардиореанимация бөлімшесінің меңгерушісі Александр Еременко баяндама жасайды.
Сарапшылардың пікірінше, бүгінде сепсис сүт безі обыры, тоқ ішек обыры және ЖИТС-ке қарағанда, әлдеқайда көп адамның өмірін қиды, әр минут сайын сепсистен 14 адам қайтыс болады.
Сепсис кесірінен өлім-жітім орташа есеппен 30%-ды құрайды, ал септикалық шок кесірінен көрсеткіш 50%-ға жетеді және оны төмендету қазіргі заманғы медицинаның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Тренинг бағдарламасы сепсистің дер кезінде диагностикасы мен қарқынды терапиясының практикалық аспектілеріне бағытталған.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар келесі мәселелерді талқылайды:
- сепсис және септикалық жағдайлар туралы заманауи түсініктер, зертханалық диагностикалық мүмкіндіктер (пресепсин, прокальцитонин және басқа маркерлерді анықтау), сепсистің биохимиялық маркерлерінің рөлі, сепсис кезінде инфекциялық қоздырғышты анықтау әдістері, орталық гемодинамиканың инвазивті емес және инвазивті мониторингі; – көп мүшелер жеткіліксіздігінің терапиясы, тамақтану терапиясы, коагулопатияны диагностикалау әдістері;
- сепсис кезінде жағдай ауырлығын бағалау және оның нәтижелерін болжау, инфекция қоздырғышына және оның төзімділігіне байланысты антибиотикалық терапияны таңдау, инфузиялық-трансфузиялық терапия, парентеральді тамақтану, сепсис пен септикалық шок кезіндегі иммундық коррекция, биоматериал сынамасын алуды үйрену;
- бактериялық диагностика, септикалық шок кезінде инфузиялық терапияны таңдау арқылы гемодинамиканың коррекциясы, гемодинамика мониторингі және коагулопатияның төсектік диагностикасы.