Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық аурухана базасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобының басшысы Балғымбаев Саят Сергеевич, Түрксіб және Жетісу аудандары медициналық ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен комплаенс-офицерлер қатысты.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат төмендегі қағидаларға негізделеді:
- заң мен әділет алдында барлығы тең;
- жариялылық, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды кешенді қолдану;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
- тиімділік және нәтижелік;
- сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінен бас тарту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдарды қорғау;
- сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;
- жоғары сапалы цифрлық түрлендіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында келесі міндеттерді орындау керек:
- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау;
- жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуына тиімді мониторингті қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.