Оспаналиева Жанар Жәлелқызы – №4 ҚКА анестезиолог-реаниматологы. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Оспаналиева Жанар Жәлелқызы – №4 ҚКА анестезиолог-реаниматологы.

Еңбек өтілі – 16 жыл, жоғары санатты дәрігер.

«Мен бұл мамандықты мұндағы үлкен жауапкершілік, жоғары тәуекел бар екенін біле тұра таңдадым. Бұл мамандық медицинаның терең білім жәнк мінсіз тәжірибелік дағдыларды қажет ететін барлық саласымен тығыз байланысты. Жақсы анестезиолог-реаниматолог қашанда басқа дәрігерлерден жоғары тұрады, өйткені оның арнайы дағдылары бар және ол дер кезінде көмек көрсету үшін аурудың барлық қауіптері мен асқынуларын біледі.

Анестезиолог-реаниматолог науқаспен тіл табысып, оның туыстарына психологиялық және рухани көмек көрсетеді. Анестезиолог-реаниматологтар – көзге көрінбейтін майданның дәрігерлері. Анестезиолог тек наркозға жауапты маман ғана емес, ол медициналық ұйқыдағы науқастың денсаулығына жауапты дәрігер. Анестезиолог ота алдында барлық қауіп мен асқынуды болжап, оларға дайын болуы керек. Сондай-ақ ояну және отадан кейінгі науқасты күту кезіндегі барлық жағдайға дайын болғаны дұрыс.

Реанимацияны таңдаған себебім мұнда айтып жеткізу мүмкін емес эмоцияларды сезінуге болады. Аса ауыр комадағы науқас түскенде, оның жақындары уайымдайды, ал сен дәрігер ретінде оған көмек көрсетуің керек – біз оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Бөлімшеге оны қанағаттанарлық жағдайда ауыстырамыз. Осы кезде жұмысыңның нәтижесінен ләззат аласың. Науқастың жағдайы жақсы екенін, ол өзі дем алып жатқанын, жақындарымен кездескенін көргенде, зор қуанышқа бөленесің, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді Жанар Жәлелқызы.

#гкб4 #анестезиолог #анестезиологияреанимация

Оспаналиева Жанар Жәлелқызы – №4 ҚКА анестезиолог-реаниматологы.