Білім беру курстарының топтамасы – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Білім беру курстарының топтамасы

Академик Н.Д.Батпенов атындағы ҰҚКО, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық ауруханасы» МКК, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасы және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы алматылық травматолог-ортопедтерге арналған білім беру курстарының топтамасын ұсынады.

Шеберлік сабақтар №4 қалалық клиникалық ауруханасының базасында өтеді.

  • 9-10 маусым, РФ, Мәскеу қаласы, Н.Н.Приоров атындағы Травматология және ортопедия ұлттық медициналық ғылыми орталығының 15-травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. Г.В.Коробушкина қатысады.
  • 15 маусым, Франция, Тур қаласы, әлемге әйгілі ортопед-хирург Didier Oudet қатысады.

Курстар кестесі:
09-10 маусым:

  • Аяқ жарақаттарына сыртқы бекіту құрылғыларын салу;
  • «Пилон» сынығын, асық және өкше сүйектерін кезең-кезеңмен емдеу;
  • өкше сүйегінің сынуының салдарын емдеу;

15 маусым:

  • иық буынын қайтымды протезбен эндопротездеу;
  • иықтың үйреншікті шығуы кезінде жасалатын Латаржет отасы;
  • айналмалы манжетті қалпына келтірумен субакриомиальды кеңістіктің артроскопиялық декомпрессиясы;

Сондай-ақ, халықаралық шеберлік сыныптары аясында хирургиялық емдеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында «Дөңгелек үстел» өтеді.

Білім беру курстары аяқталғаннан кейін Қазақстан травматологтары мен ортопедтері қауымдастығы атынан шеберлік сыныпты аяқтағаны туралы сертификаттар беріледі.

  • Уақыты: сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.
  • Өтетін орны: Алматы қ., Папанин көшесі, 220. №4 қалалық клиникалық аурухананың кіші мәжіліс залы.
  • Қатысушыларды аккредиттеу телефоны: +7 705 552 40 49 Елдес Сүгір.
Білім беру курстарының топтамасы