Ер адам моншада есінен танып, қатты күйік алды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Ер адам моншада есінен танып, қатты күйік алды

Алматы Төртінші қалалық ауруханасының комбустиологтары моншадағы ыстық пешке құлаған науқастың өмірі үшін 77 күн бойы күресті. Қызған пеш салдарынан ер адамның денесін 50% терең күйік шалған.

«Науқас өте ауыр жағдайда түсті, сондықтан қабылдау бөліміне өтпей, бірден жан сақтау және қарқынды терапияның анестезиология бөліміне жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде күйікке қарсы «Редактрон» төсегімен жабдықталған мамандандырылған палата бар. Науқас үшін жеке пост қойылды, біз қолдан келгеннің бәрін істедік», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.

Науқас жансақтау бөлімінде 41 күн жатты, жағдайы тұрақтанғаннан кейін аурухананың күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

«Біріккен жарақат. Оң қол-аяқтың, дененің оң жағының S=50%(30%)/I-II-IIIa-IIIб-IV дәрежелі термиялық күйігі. Бір мезгілде аутодермопластикамен 5 некректомия операциясы жасалды – тері ауыстырылып орналастырылды. Міне, 77-күні науқастың жағдайы жақсарып, оны қанағаттанарлық күйде үйге шығарғалы жатырмыз», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.

Григорийдің ес-түссіз күйде қызып тұрған пеште қанша уақыт жатқаны белгісіз. Дегенмен оның жарақаттары ауыр болды.

«19 сәуірде мен ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түстім, бір аяғым көрде болды. 40 күн жан сақтау бөлімінде жатып, кейін бөлімшеге ауыстырылдым, менің өмірім үшін көп адам күресті – оларға алғысым шексіз, олардың арқасында мен бүгін тірімін. Күні бойы қасымда кезекшілікте болған жансақтау бөліміне алғыс айтамын. Күйік бөлімшесінің дәрігерлері, медбикелері мен кіші медбикелеріне мың алғыс, міне өз аяғыммен үйге қайтып барамын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – дейді алматылық Григорий Лосецкий.

Ер адам моншада есінен танып, қатты күйік алды