«Өз таңдауыма еш өкінген емеспін. Бала күнімнен ақ халатты кию арманым еді, қазір мақтанышпен киіп жүрмін», – дейді Сүгірбекова Мира Дүйсембайқызы, неврология бөлімшесінің медбикесі.
Мира Сүгірбекова 1961 жылы 21 шілдеде Кеген ауданы Сатыда дүниеге келген. 1979 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы қалалық медицина училищесіне оқуға түсті.
«Мамандықты таңдауым кездейсоқ болған жоқ – бұл теңдестірілген және саналы шешім болды: бала кезімде ойыншық пациенттерді емдеп, укол салып мен таңуды жақсы көрдім», – деп еске алады ол.
1983 жылы медициналық училищені бітіріп, Кеген аудандық ауруханасына жұмысқа орналасады. 1984 жылы Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының терапия бөлімшесіне ем-шаралық медбике болып жұмысқа орналасты. 1985 жылы ортопедиялық хирургия бөлімшесіне медбике болып ауысып, сонда 33 жыл үздіксіз еңбек етеді.
2019 жылы Covid-19 пандемиясына байланысты транзиттік бөлім ашылып, Мира Дүйсембайқызы ем-шара кабинетіне медбике болып ауыстырылды. 2021 жылы нейроинсульт бөлімшесіне ауыстырылды, қазіргі уақытта ол инсультпен ауыратын науқастарға және неврологиялық патологиясы бар науқастарға білікті көмек көрсетеді.