№4 Қалалық клиникалық ауруханада Алматы қаласының медициналық ұйымдарының клиникалық фармакологтары үшін біліктілікті арттыру бойынша оқу циклі өтуде.
Дәріс тақырыбы: «Медициналық ұйымдардағы дәрілік заттарға өтінімдерді жоспарлау».
20-25 қыркүйек аралығында қалалық стационарлар қызметкерлері үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
27 қыркүйектен 02 қазанға дейін АМСК қызметкерлері үшін дәрістер өткізіледі.
Цикл дәріскері м.ғ.к., штаттан тыс бас клиникалық фармаколог, жоғары санатты дәрігер Ералиева Бибихан Абделиевна, №4 ҚКА клиникалық фармакологы.
Іс-шараны оқу-әдістемелік орталық Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тапсырмасы аясында ұйымдастырды.
Клиникалық фармакологтадың семинары