Ләрігерлер 96 жастағы COVID-19 пациентіне ота жасады – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Ләрігерлер 96 жастағы COVID-19 пациентіне ота жасады

1926 жылы туылған науқас төртінші қалалық ауруханаға оң жақ сан сүйегі мойынның жабық сынуы диагнозымен келді. Қабылдау бөлімі жағдайында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы тексеруден өткізді. Коронавирустық инфекцияға ПТР талдауы оң нәтиже берді. Алайда медициналық көмек көрсетуді кешіктіруге болмайды – жарақат тым ауыр.

«Оң жамбас буынын жаппай эндопротездеу операциясы жүргізілді. Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы қанағаттанарлық», – деп нақтылады №4 ҚКА эндопротездеу бөлімшесінің травматолог ортопед дәрігері Нуржан Байбахов.

Операциялық бригада жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жұмыс істеді. Дәрігер оператор – Байбахов Нуржан Нурмаханбетович, ассистент – Әбілда Еркебұлан Мухамедиярұлы, реаниматолог Сулейменов Нурлан Кожмуханбетович, операциялық мейірбике – Карпова Ольга Александровна, анестезист – Слубек Алтынай, санитар – Нургалиева Гулжан.

Алғашқы пандемия кезінен бастап №4 Қалалық клиникалық аурухана халыққа шұғыл көпбейінді медициналық көмек көрсетуді тоқтатқан жоқ. Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға ПТР талдауын міндетті түрде ала отырып, шұғыл пациенттерге көмек көрсету алгоритмі жұмыс істейді. COVID-19 расталған жағдайда да пациент медициналық қызметтерді толық көлемде алады және бейінді мамандардың бақылауымен емделеді.

Ләрігерлер 96 жастағы COVID-19 пациентіне ота жасады