Төртінші қалалық аурухананың дәрігерлері Келлер ауруын емдеп жазады – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Төртінші қалалық аурухананың дәрігерлері Келлер ауруын емдеп жазады

Келлер ауруы – бұл біздің қаңқамыздың сүйек ауруларының бірі, аяқтың сүйектері зақымданған кездегі остеохондропатияның бір түрі. Бұл аурудың екі түрі бар – бірінші түрі, табанның тек қайықтәрізді сүйегі зардап шеккен кезде және екінші түрі, екінші табан сүйегінің басы зардап шеккен кезде.

Бұл патологияны сәтті түзетудің көрнекі мысалдарының бірі. Науқас 29 жаста, соңғы екі жыл ішінде аяқтың ауырсынуынан зардап шекті. Жоспарлы түрде Алматы қаласының №4 ҚКА ортопедиялық хирургия бөлімшесіне емделуге келіп түсті. Диагноз – табан сүйек-бақайшақтар буындарының ауырсынумен Келлер ауруының 2 сатысы.

Ота жасалды – табан сүйегінің басын кесіп ашу, бұрандамен бекіту, остеофиттерді жою.

Ота жасау бригадасының құрамы: травматолог-ортопедтер Базаркулов Г.К. және Жумагулов М.О., анестезиолог Смаилов М.К., операциялық мейірбикесі Еркебаева А.

Отадан бұрын және екі айдан кейінгі нәтиже: бірінші және екінші ота ішілік суреттерде табан сүйегі басының асептикалық өліеттенуі жартылай көрінеді, соңғы суретте – косметикалық тігіс. Отадан кейін науқас 2 ай бойы Баруктың арнайы аяқ киімін қолданды. Қазіргі уақытта науқас қайтадан кәдімгі аяқ киімді пайдаланады. Ауырсыну синдромы жоғалып кетті, екінші табан сүйек-бақайшақтар буындағы қозғалыстар еркін және ауыртпалықсыз.

Дәрігерлер біз керемет нәтижеге қол жеткіздік!

Төмендегі телефон бойынша консультацияға жазылу:

  • консультациялық-диагностикалық орталық 300-36-42;
  • травматолог ортопед дәрігері Базаркулов Ғалым Құрбанович +7(707)9190999.
Төртінші қалалық аурухананың дәрігерлері Келлер ауруын емдеп жазады