«Тәуелсіздік бәрінен қымбат», – осы сөзбен №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков ұжыммен кездесуді бастады.
Денсаулық сақтау саласына яңни аурухананың дамуына зор үлес қосқан үшін бір қатар қызметкерлер «Халық алғысы» және Қазақстанда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік» медальдарымен, Құрмет грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.
Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!