Үстіміздегі сенбіде №4 қалалық клиникалық ауруханада ашық консультациялар өтеді.
Неліктен біз Ашық есік күнін өткіземіз?
Көптеген адамдар дәрігерге баруды кейінге қалдырады, бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Нақты бір маманға барар алдында науқас емханадан жолдама алып, тексеруден өтуі керек. Ашық есік күні барлық келушілерді еш жолдамасыз әрі тегін қабылдаймыз.
Мұндай іс-шара кезінде ауруханада күрделі емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін ауыр патологиялар да анықталып жатады.
Көп жағдайда №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді, бұл сауығуды едәуір жылдамдатады.Қабылдауды №4 қалалық клиникалық аурухананың жетекші мамандары жүргізеді.
Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.
Өткізілетін күні: 25.09.2021ж.
Уақыты: 09.00 – 12.00.
Мекен-жайы: Алматы қ., Папанин 220.