Төртінші қалалық ауруханада интервенциялық хирургтарға арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр. Сабақты Мумбайдан келген (Үндістан) доктор Гириш Мукуд (Dr.Gireesh Mukund Warawdekar) жүргізеді.
Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия – бұл рентгенэндоваскулярлық әдісті қолданатын «скальпельсіз» араласудың заманауи түрі, яғни зақымдалған органға қол жеткізу тамырлар арқылы жүзеге асырылады.
№4 ҚКА-да бір жыл бұрын рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі ашылып, бүгінгі күнге дейін ми, жүрек тамырларына 739 интервенциялық ота, сонымен қатар жатыр артерияларының эмболизациясы жасалған.
Көпсалалы клиниканың жаңа бөлімшесінің жоспарында аяқ артерияларының атеросклерозы және диабеттік табан сияқты ауруларды диагностикалау және емдеу бар. Шеберлік сыныбы аясында аяқ қан тамырларына төрт ота жасалды.
Қаралған төрт жағдайдың бірінде 55 жастағы диабеттік табан диагнозы қойылған науқастың қан ағымы қалпына келтірілді. Әйелдің жолы болды, дәрігерлер оның аяғындағы саусағын аман алып қалды.
Рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлері Камила Оразбаева мен Серікболат Айнелхан да оқудан өтті.